26.07.2018, 12:00 708 Головкин «Канеломен» рематчқа қалай дайындалып жатыр

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жекке дайындық аясында белсенді жаттығып жатыр.

Отандық орта салмақтағы чемпион өзінің Instagram парақшасында америкалық бапкер Абель Санчестің лагеріндегі жаттығу процесінен түсірілген суреттерді жариялады.

Еске салайық, WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы өз командасымен бірге АҚШ-қа келді. GGG Алматыда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасуға келіп, жаттығуды үзе тұруға мәжбүр болған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал