15.08.2018, 10:35 723 Головкин «Канеломен» жасасқан мәміле туралы айтты

IBO, WBA және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1) BoxingScene.com сайтына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен өтетін қарымта жекпе-жек келіссөздері туралы айтты.

«Әрине, мен реванштың болғанын қаладым, алайда маңызды мәселелердің қатарына қосқан жоқпын. Бұған «Канелоның» ақпан айында екі допинг-сынамадан өтпей қалуы себеп болды. Мен 5 мамырда Ванес Маптиросянды жеңгеннен кейін промоутерім Том Леффлерге «Канеломен» реванш өткізу жөнінде жаңа келіссөздер жүргізуге рұқсат бердім.

«Канело» мен «Golden Boy Promotions» мені 5 мамырда болмай қалған екінші кездесудің шарттарымен жұдырықтасады деп ойлап, жаңасын қойғаныма көңілдері толмады. Бұған «Канелоның» допинг-сынамалардан өтпей қалуы себеп болғанын мойындаудан бас тартты. Бұл менің емес, олардың кінәсі.

Мен және менің командам бірігіп жұмыс жасайтын серіктестерімізбен кәсіби деңгейде араласамыз. Қандай жағдай болмасын сыйластық танытамыз. Алайда «Golden Boy» ұсынысымды БАҚ-қа жариялап, маған тіл тигізуге тырысты. БАҚ өкілдері, серіктестер мен жанкүйерлер олармен келісіп, маған шарттарын қабылдатқызу үшін қысым көрсете алады деп ойлаған болуы керек.

«Golden Boy» олардың «соңғы ұсынысын» қабылдау үшін мерзім берді. Бұл жөнінде көп айтылып келді. Мен WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен тамыз айында бокстасу туралы келісім жасасып қойғанмын, дәл сол мақсатта Big Bear-де жаттығу жиынын бастауды жоспарлап жүрдім. Алайда Сондерстің командасына «Канело» шарттарымды қабылдаған жағдайда Альвареспен айқасатынымды жеткіздім. Біз адамдармен осылай ашық сөйлестік. «Golden Boy»-дан бір сағаттан кейін нақты шешім келген бойда Томға олар біздің шарттарды қабылдайтыны туралы хабарлама келіп, осымен келісім жасалды», - деді Головкин.

Головкин мен Альварестің алғашқы кездесуі 2017 жылғы 16 қыркүйекте Лас-Вегасте өтіп, Аделаида Бердтің «Канелоның» пайдасына қарай қойған 118-110 есебімен тең түскен еді. Қарымта кездесу дәл сол жерде өтетін болады. Боксшылар қызу дайындық жүргізіп жатыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал