22.06.2018, 10:14 767 Головкин «Канелоны» қалай жеңгісі келетіндігін айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жекпе жегі туралы айтты.
«Мен чемпионмын, соған өзімді дайындадым. Мені қарсыласымды нокаутпен жеңу жағдайы қанағаттандырады. Мен сол кезде ғана өзімді 100 пайыз бақытты сезіне алатын боламын»,- деді Головкин UCNLive.com.-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал