23.07.2018, 9:12 659 Головкин «Канелоны» жеңсе, кіммен жекпе-жекке шығады

 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер өзінің шәкіртінің мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болатын рематчтан кейінгі перспективасы туралы айтты.

«Егер Головкин 15 қыркүйекте жеңетін болса, онда ол орта салмақтағы үздік чемпион болады және жағдайдың қалай болатынын көреміз. Джермалл Чарло бар. Сондай-ақ, Деревянченко - Джейкобс мен Сондерс - Андраде жекпе-жектерінің жеңімпаздары және Бенавидес, Джеймс Дигейл сынды спортшылар бар», - деді Леффлер.

Айта кетейік, «Канело» - GGG рематчы биыл 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал