31.07.2018, 9:40 664 Головкин «Канелоны» жеңу үшін қандай тәсіл қолданады - маман пікірі

On The Ropes Boxing Radio-ның спорт мамандары қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болатын екінші кездесуіне болжам жасады.

«Бірінші жекпе-жекте Головкин жеңіске жету үшін қажеттінің бәрін істеді. Рематчта ол одан да көп жұмыс атқарады. Ал «Канелоға» көп нәрсені дәлелдеу қажет болады. Ол әрине өзінің жоспарын өзгертеді, көп жүгіріп, көп қимылдамайтын болады. Бірақ қарсыласы жұмсайтын сансыз соққыларға ашыла түседі. Жекпе-жектің қарқыны өзгеретін болса, раундтардың соңында Головкин оны нокаутқа жібереді немесе кездесудің соңында ұпай саны бойынша жеңіске жетеді. Қалай болған күнде де Головкин өзінің орта салмақтағы әлем чемпионы екенін еш күмәнсіз дәлелдейді»,-деп жазады сайт.

«Канело» - GGG-дің алғашқы кездесуі тең аяқталды. Екінші кездесуге 1XBET букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфиценттерді ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі 1.57, Альварестің жеңісі 2.75, Кездесу тең аяқталады - 23.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал