22.11.2018, 11:31 7767 Головкин «Канелоны» жеңу үшін не істеуі керек

Boxingnews24.com сайтының авторы Дэн Эмброуз қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші рет айқасса, оны жеңу үшін нені өзгерту қажеттігін айтты.

«Головкин «Канелоны» жеңгісі келсе, өз стилін өзгерткені жөн. Бұл дегеніміз - ешқандай джеб те, кейінге шегіну де болмауы керек. Головкин таза күшті соққылар беруі тиіс, олай болмаған жағдайда ол Лас-Вегаста танымал мексикалық супержұлдызды оңайлықпен жеңе алмайды», - деп есептейді Эмброуз.

«Канело» - GGG бірінші жекпе-жегі даулы тең нәтижемен аяқталды, ал рематчта мексикалық бокшсы төрешілердің басым даусымен жеңіске жеткен болатын. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал