05.04.2018, 6:25 856 Головкин «Канелоның» допингі кесірінен қанша миллион доллар жоғалтты?

The Sweet Science және The Prizefighters  үшін бокс жайлы жазатын америкалық Давид Авила Геннадий Головкиннің 5 мамырға жоспарланған Сауль Альвареспен рематчының өтпеуіне байланысты қаншама қаржылай  шығынға ұшырағандығын айтты.

«Белгіленген айқастың болмауы Сауль Альварестің де,  Геннадий Головкиннің  де беделіне нұқсан келтіреді.

Альварестің абыройы айрандай төгілді, бұл оның болашақтағы статусына әсер етеді. Головкин де жапа шекті. Өйткені өзге қарсыласы оған мүмкін болған 20 миллион доллар әкеле алмайды. Енді тек 20 миллионның орнына 2 миллиондай ғана қаржыға  үміт ете алады», - деп есеептейді сарапшы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал