09.07.2018, 4:56 641 Головкин «Канелоның» үлкен қателігін атады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен менталитеттегі айырмашылық пен құрмет туралы айтты.

«Боксты құрметтейтін адамдарды сыйлаймын.«Канело» мен оның командасы оны құрметтемейді. Ол үлкен қателік жасап, бұрынғы командамен және сол адамдармен жұмыс істеуді жалғастыруда. Мен жақсымын, ал ол жаман деп айтып отырғаным жоқ. Тек біздің менталитетіміз әртүрлі. Мен спортшыларды және спортты құрметтеймін. Мен сияқты спортқа құрметпен қарайтын адамдармен пікірлеріміз сәйкес келеді», - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин-Канело алғашқы кездесуі 2017 жылдың 16 қыркүйегі күні Лас-Вегаста өткен болатын. Жекпе-жек тең аяқталды. Рематч аталмыш қалада биылғы 15 қыркүйекте өтетіні жоспарланған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал