27.08.2018, 11:56 673 Головкин мен Альварес айқас алдында ашық жаттығу өткізеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) рематчтың алдында журналистер мен жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді.

Жаттығу өткізілетін орын -Лос-Анджелестегі ( Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California стадионы. Жаттығу астана уақытымен 05:00-де басталады. Ал оның тікелей трансляциясы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы беріледі.

Еске сала кетсек, «Канело» - GGG жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал