22.02.2018, 12:24 776 «Головкин мен Альварес ешқашан Проводников не Риос бола алмайды» - Санчес

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес шәкіртінің алдағы кездесуге байланысты ешқандай қысымға ұшырап жатқан жоқ деді. Сондай-ақ, ол қос боксшы жауапты жекпе-жекте әдеттегіден бөлек тактика қолданады дегенге сенбейтіндігін жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі vRINGe порталына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ұрыс өткен жылдың қыркүйек айында өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді. Жауапты кездесу 5-ші мамырға жоспарланды.  

«Ешқандай да қысым жоқ. Екеуі де өте тәжірибелі боксшылардың санатына кіреді. Менің ойымша, олар шаршы алаңда сайқымазақтанбай, тек жеңіске жету жолында әрекет ететін болады», - деді Санчес On The Ropes Boxing радиосына берген сұхбатында.

«Қос мықты рингте сіздерді жаңа бір тәсілмен таңғалдырады деп ойласаңыздар, қателесесіздер. Головкин мен Альварес ешқашан сақтықты ұмыт қалдырып, Проводников не Брэндон Риостың күйін кеше алмайды», - деп сөзін қорытындылады бапкер.   

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал