21.06.2018, 9:33 762 Головкин мен Альварестің рематчын әлемнің 150 елі көрсетеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер GGG мен «Канелоның» қарымта жекпе-жегі қандай елдерде көрсетілетіні туралы айтты.

«Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің әлемде фанаттары көп. Әрине, бірінші кезекте жекпе-жекті Ұлыбритания көрсетеді. Өйткені Геннадидің ағылшын жанкүйерлері көп. Орта салмақтағы мықты боксшылардың рематчын әлемнің кем дегенде 150 елі көрсететін болады», - деді Леффлер.

«Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал