01.07.2018, 9:45 734 Головкин мен «Канело» жекпе-жек алдында көз арбаспауы мүмкін

Boxingnews24.com-ның тілшісі Хуан Флорес Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарым-қатынасы туралы айтып берді.

«Канело 15 қыркүйекте өтетін рематч алдына Головкиннен көзбе көз кездескісі келмейді. Сондықтан да жекпе-жек алдында көз арбасу болмайды. Боксшы сүйер қауым оларды өте жақсы біледі және фанаттарды қызықтудың қажеті жоқ», - деп жазады автор.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес T-Mobile аренасында кездеседі. Қазақстандық боксшыға реванштан шамамен 40 миллион доллардан астам қаражат түсуі мүмкін. Де Ла Хойяның айтуынша, Головкинмен бір мәмілеге келу үшін жетпей тұрған соманы қалтасынан бөлуіне тура келген. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал