21.05.2018, 16:00 748 Головкин промоутері IBF-ке ұсыныс жасамақшы

360/GGG Promotions басқарушы директоры Том Леффлер дүйсенбі күні Геннадий Головкиннің міндетті үміткері украиндық Сергей Деревянченкоға қатысты IBF-пен келіссөздер жүргізеді.
Boxingnews24.com хабарлағандай, Леффлер GGG-ға IBF титулын міндетті қорғау үшін Деревянченкомен жекпе-жекті кейінге қалдыруға рұқсат сұрамақшы. Оның орнына 15 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен айқас өткізуге ниетті.
Егер IBF промоутердің ұсынысын қабыл алмаса, Головкин олардың тұжырымы бойынша чемпиондық титулдан қағылуы мүмкін.
Бұдан бұрын аталған ұйым қазақстандық спортшының титулды міндетті қорғауын 3 тамызда өткізуді белгілеген еді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал