24.05.2018, 12:33 848 Головкин соққысы жойқын үздік 3 боксшының қатарынан табылды

Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы ең мықты боксшылардың рейтингін жасады. 
WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша, орташа салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) бұл рейтингте аса ауыр салмақтағы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) мен Энтони Джошуаға (21-0, 20 КО) жол беріп үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал төртінші орынды Адонис Стивенсон (29-1-1, 24 КО) мен Джервонта Дэвис (20-0, 19 КО) бөлісті.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Головкиннің Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекке жоспарланған.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал