09.09.2018, 10:59 717 Головкин - Сондерс ықтимал жекпе-жегінің басты шарты аталды

Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен өз қамқорлығындағы боксшының қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін айқас туралы тағы да айтты.

«Канелоны» қашан болса да, тіпті ол Головкинді жеңген жағдайда да Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін деп ойламаймын. Ал GGG, меніңше, осы жекпе-жекке келіседі. Өйткені онда нағыз жауынгердің менталитеті бар. Ол бүкіл карьерасында осыны дәлелдеп келеді. Егер Сондерс Андрадені жеңсе, әлемнің үздіктерінің бірімен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді», - деді Уоррен Daily Star-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин мен Сауль Альварестің көптен күткен жекпе-жегі 15 қыркүйек күні өтеді. Сондерс америкалық Деметриус Андрадемен 20 қазанда кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал