02.10.2018, 11:52 1031 Головкин титулдық белдіктер үшін кімдермен айқасуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өтуі ықтимал екі жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.
Әңгіме WBA-дің «тұрақты» чемпионы болып табылатын Риота Муратамен (14-1, 11 КО) және допинг-тесттен өте алмаған Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) айырылуы мүмкін WBO белдігі үшін өтуі ықтимал айқастар турасында болып отыр.
«Мурата? Иә, мүмкін. Бұл айқас туралы бұған дейін оның промоутері Акихико Хонда айтқан болатын. Бұл жекпе-жектің өтуі мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан еді. Сондықтан, ол әбден мүмкін. Бірақ онымен бірге, допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен Сондерс те бар. Егер одан белдікті тартып алатын болса, біз бос тұрған титул үшін айқаса аламыз, кім біледі», - деді Санчес.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал