31.05.2018, 11:07 749 Головкин туралы түсірілген деректі фильмнің трейлері жарыққа шықты

This Is Boxing Productions Youtube арнасында орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге арналған видео жарияланды.

Онда мұның тұсаукесері 16 маусымға жоспарланып отырған қазақстандық боксшы жайындағы екінші трейлер екендігі айтылады.

Ешқашан жеңіліп көрмеген Головкин  соңғы айқасын 5 мамырда Карсонда (Калифорния штаты, АҚШ) өткізіп, екінші раундта америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) нокаудқа түсірген еді.

Қазір GGG командасы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізу жөнінде келісім жүргізіп жатыр. Дегенмен қаржыға байланысты мәселелер шешілмей отыр. Головкин табысты теңдей - 50/50-ге, ал «Канело» өз пайдасына 65/35-ке бөлуді сұрап отыр.

Головкин мен «Канелоның алғашқы айқасы 2017 жылы 16 қыркүйекте  Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтіп, тең жағдайда аяқталған еді. Бірақ көпшілік төрешілер Геннадийден таза жеңісті ұрлап алды деген пікірде. 

 


  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал