09.08.2018, 10:34 679 Головкин туралы жаңа видео пайда болды

Youtube-тегі Martin Gastanaga - Boxing арнасы WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинке (38-0-1, 34 КО) арналған бейнероликті жариялады.

Видео «Геннадий Головкин: нағыз чемпион» (True champ - ағыл.) деп аталады.

Еске салайық, GGG 15 қыркүйекте рингке қайта оралып, Лас-Вегастағы T-Mobile аренада мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) кездесетін болады. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылғы 16 қыркүйекте дәл сол жерде шумен аяқталып, боксшылар рингте тең түскен еді. Мамандар мен жанкүйерлердің басым көпшілігі төрешілердің Головкинді «тонап кеткеніне» сенімді. Головкин алдағы айқаста қарсыласын нокаутқа түсіруге оқталып отыр, ал «Канело» болса, бұл жолы алғашқыдан өзгеше жекпе-жек көрсетемін деп уәде берді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал