19.02.2018, 14:13 824 Головкин ҰҚБ-ның жұлдыздар матчына шақырылды

Орта салмақтағы бірнеше тұжырымның чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО Ұлттық баскетбол қауымдастығы ұйымдастырған жұлдыздар матчында болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жұлдыздар кездесуі Лос-Анджелестегі «Staples Center» аренасында өтті. Қазақстандық босксшы Головкин айтылған орында төбе көрсетті. Сондай-ақ,  «Чикаго Буллзтың» жұлдызы Майкл Джорданмен кездесіп, коммерциялық іс-шараға қатысты.

Айта кетейік, Головкин 5 мамыр күні рингке оралады. Қазақстандық боксшы «Канеломен» (49-1-2, 34 КО) жауапты кездесу өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал