23.11.2018, 7:44 5425 Головкин WBA рейтингінде бұрынғы позициясын сақтап қалды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) ай сайынғы рейтингінің соңғы нұсқасы жарияланды.

Рейтингте орта салмақ санатындағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин екінші орынды сақтап қалды. Дивизионда бірінші орында Давид Лемье болса, үздік үштікті Польша өкілі Камил Шеремета түйіндеп тұр. Орта салмақ дәрежесінд» атағы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске, ал Regular титулына америкалық боксшы е «суперчемпионРоб Брант ие.

Еске сала кетейік, WBA рейтингінде бірінші ауыр салмақтағы «қарапайым» әлем чемпионы біздің отандасымыз Бейбіт Шүменов болып табылады. 

 


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/golovkin-wba-reytinginde-buryngy-poziciyasyn-saktap-kaldy_a3463230

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал