14.07.2018, 9:34 588 Головкинді жекпе-жекке шақырған америкалық Елеусіновтің промоутерімен келісімшарт жасады

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андрэйд (25-0, 16 КО) британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойды.

Андрэйдтің бүгінгі таңда Matchroom Boxing USA құрамында айқасатындығы алдағы сейсенбі күні ресми жарияланады, деп жазады BoxingScene.

Америкалық боксшы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен айқасқа үміткер болып табылады.

Еске сала кетсек, ол 5 мамырда Сауль Альваресті допинг-тестке байланысты алып тастағаннан кейін Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал