20.09.2018, 11:43 955 Головкинге келесі кездесуде қарсылас болуы мүмкін боксшы аталды

BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареспен өткен рематчынан кейін кіммен кездесуі мүмкін екені туралы болжам жасады.

«Головкин - Сондерс арасындағы жекпе-жек көптен бері талқыланды, дәл қазір оны өткізудің ең қолайлы сәті туып тұр. Бұл кездесу Головкинге әлем чемпионы титулын қайтаруға мүмкіндік берер еді. Ал Сондерс үшін Лемьені жеңгеннен кейін ары қарай сәтті ойын көрсетуге жағдай жасайды. Головкинді жеңсе, беделі артары сөзсіз.

Головкин үшін бокста не қалды? Орта салмақта ойын көрсетіп, барлығына өз күшін дәлелдеп берді. Салмақ дәрежесін өзгертуі екіталай. Жиырма рет титулын сақтап қалды, енді қолғабын іліп қойып, демалуына болады. Дегенмен, Канеломен тағы бір бокстасқанын тамашалағымыз келеді. Ал Головкин жеңетін болса, олар төртінші рет кездесуі мүмкін бе?», - деп жазылған басылымда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал