16.05.2018, 17:30 167 Головкинге лайықты қарсылас табылды

Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздің пікірінше, GGG-дің Сауль «Канело» Альвареспен айқасы болмаса, WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хайме Мунгия Геннадий Головкин үшін лайықты қарсылас бола алады.
«Головкинге Golden Boy боксшысы Хайме Мунгия қарсылас бола алады. Ол «Канелодан» да мықты қарсылас болуы мүмкін, себебі ол өте жақсы бокстасады және допинг-тестен оң нәтиже көрсетпеген. Егер Головкин мен Мунгия таяу болашақта HBO PPV-да бір-бірімен айқасса, қызық болар еді. Мунгия «Канелоның» орнын алмастыратын мінсіз қарсалыс бола алады», - дейді Дэн Эмброуз.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал