05.04.2018, 11:37 762 Головкинге маусым айында жекпе-жек өткізуді ұсынды

Британдық боксшы Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен GGG-ге қарсы жекпе-жектің келіссөздері туралы айтып берді.

«Біз Головкиннің командасымен сөйлестік. Алдағы уақытта тағы да сөйлесеміз. Одан бір нәтиже шықса, міндетті түрде айтамыз. Егер Головкин маусым айында бокстасуды қаласа, онда Билл дайын болады. Олар келесі жекпе-жекті 5 мамырда Лас-Вегаста өткізуді қалайды. Алайда оған дейін лайықты қарсылас таба алмайтын тәрізді. Бұл шоудан қысқа уақыттың ішінде табыс табу да қиындау болады», - деді Ф.Уоррен ВВС арнасына берген сұхбатында.

Ф.Уоррен Головкин-Сондерс жекпе-жегін маусым айында Англияда, я болмаса АҚШ-та ұйымдастыруға болады деп санайды.

«Англияда болса, сөз жоқ, стадионда өткізу керек. Біз оның бәрін осы аптаның ішінде пысықтап алуға тырысамыз. Бірақ бізге тездетіп бір келісімге келу керек. Себебі маусымға дейін уақыт аз. Біз Мюррейге қарсы жекпе-жекті кейінге қалдырып отырған жоқпыз. Дегенмен, Билл Головкинге қарсы шығуды қалайды. Головкин де аталған жекпе-жекті қалайтынын талай рет айтқан», - деп атап көрсетті Билли Джо Сондерстің промоутері. 

Айта кетейік, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші айқастың өтпейтіндігін ресми түрде жариялады. Сондерс болса, сәуірдің соңында Мартин Мюррейге қарсы шығатынын мәлімдеген. Алайда қолынан жарақат алып қалуына байланысты ол жекпе-жекті маусымның аяғына ауыстырды.

Фото: thesun.co.uk

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал