25.07.2018, 9:51 628 Головкиннің бапкері басқа боксшымен жұмыс істей бастады

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес британдық аса ауыр салмақтағы спортшы Джо Джойспен (5-0, 5 КО) бірге жұмыс істей бастады.

 «Мен бүгін олармен [боксшы мен оның менеджерімен] кездесемін. Мен «үйленердің алдында» боксшымен шамалы жұмыс істегенді қалаймын. Мен оған, ол маған ұнайтынына көз жеткізуім керек. Егер ол еңбек әдебін сақтайтын жақсы адам болса, неге онымен жаттықпасқа? Оның жасы 32-де, тәжірибесі мол. Егер біз жұмыс істеуді бастасақ, барлығын жасаймыз. Мен онымен жұмыс істейтін мүмкіндікті асыға күтудемін. Ол мұнда үш-төрт аптаға келді, көреміз... Бұл жігіттің физикалық дайындығы жақсы. Биг Беар мұнда барлығынан алыста, шағын зал және онымен істейтін адамдар ғана бар. Джо бізге сәйкес келеді. Сондай-ақ, ол аса ауыр салмақта жұдырықтасады, Мурат Гассиев екеуі бір-біріне көмектеседі», - деді Санчес.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал