13.11.2018, 15:36 1573 Головкиннің бапкері енді «Канелоны» мақтауға кірісті

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Мексика боксшысы Сауль Альварестің «2018 жылғы Мексиканың үздік спортшысы» аталымындағы жеңісіне байланысты пікірін білдірді.

«Әрине, өзім жаттықтырушы әрі мексикалық болған соң, бұл сыйлықты мексикалық спортшы, осындай деңгейдегі чемпионның алғанына қуаныштымын... Оның көп жыл бойы Эдди мен «Чепо» Рейносомен жаттыққанын көрдім, олар тамаша жұмыс атқарды. Оның нағыз чемпион екенін жоққа шығаруға болмайды. «Канело» бұл сыйлыққа лайықты», - деді Санчес.

Еске салайық, қыркүйек айында «Канело» төрешілердің басым дауысымен Головкинді жеңіп, WBA Super және WBC тұжырымдамалары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал