27.09.2018, 11:26 907 Головкиннің бапкері реванш нәтижесіне алаңдаулы екенін жасырмады

WBC/WBA/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-дің Сауль Альвареспен екі айқасы да төрешілердің даулы шешімімен аяқталуы бокс сүйер қауымның бұл спортқа көңілін қалдыратынын айтты.

GGG мен «Канело» бірінші айқасы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілер жеңісті Альвареске берді. Ал жекелеген жанкүйерлер мен сарапшылар осы айқастарда Головкин жеңуі тиіс деп есептейді.

«Менің ойымша, осындай шешімдердің салдарынан бокс фанаттарын жоғалтып жатырмыз. Иә, бұл қиын айқас болды. Бірақ Геннадий онда жеңілген жоқ. Ол тек қана өз пайдасына шешім ала алмады. Бірінші жекпе-жек мұндай болған жоқ, себебі онда белсенді әрекеттер жасалмады. Соңғы айқаста Геннадийдің қалай бокстасқанын есепке алсақ, нәтиже 7-5 болуы керек еді. Әлеуметтік желіде менің есебімнің дұрыс болғанын құптағандар жеткілікті болды.

Осындай даулы шешімдер болмас үшін бір нәрсе өзгеруі тиіс. Бұл екі рет қайталанды. Жанкүйерлер мұндай шешімге алаңдаушылық танытты. Лас-Вегаста бұл бірінші және соңғы рет болып отырған жоқ. Дұрыс адамның жеңіске жетуі үшін өзгерістер жасау қажет. Миллиондаған жанкүйердің қателесуі мүмкін емес. Қайталауды қарап отырған көрермендер де қателеспейтін шығар. Біз фанаттарды жоғалтпас үшін өзгерістер жасалсын», - деді Санчес The Ring-ке берген сұхбатында.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал