26.09.2018, 11:00 935 Головкиннің бапкері шәкіртінің жасы мөлшері жайлы айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен өтуі ықтимал үшінші айқасқа қатысты пікір білдірді.

 - Келер жылы Геннадий 37 жасқа толады. Сіздің пікіріңізше, келесі жолы жас ерекшелігінің факторы өз ықпалын тигізуі мүмкін бе?

- «Жоқ» деп айтқымыз келеді. Бірақ біз шынайы көзбен қарауымыз тиіс. Бұл жолы олар - әрқайсысы жақсы күйде болды. Айтылып отырған мәселе белгілі бір рөлін ойнауы мүмкін. Дегенмен дәл солай болады деп ойламаймын. Меніңше, екеуі де бір-біріне бағытталған. Маркес пен Пакьяо сияқты, егер олар күш-жігерлерімен айқастың сондай түрін көрсете алса. Бірақ айырмашылықты байқайсыздар деп ойламаймын.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі былтыр тең аяқталған болатын. Биылғы рематчта төрешілердің басым дауысымен жеңіс мексикалық боксшыға берілді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал