10.09.2018, 8:52 672 Головкиннің «Канеломен» айқасы соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін бе

WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекте Сауль «Канело» Альваресті жеңген жағдайда, бокстан кету мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

- 15 қыркүйекте жеңіске жетсең, бұл сенің соңғы жекпе-жегің болуы мүмкін бе?

- Менен бұл туралы 15 қыркүйектегі айқастан кейін сұраңыз. Қазір мен өз бабымдамын және өзімнің күштілігімді сезінудемін. Егер жанкүйерлерімді бокстасқанымды қаласа, көре жатармыз, - деп жауап берді GGG.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте (Қазақстан үшін 16 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс шоуын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал