04.04.2018, 10:31 771 Головкинның командасы жаңа аренаны резервке қойды

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) командасы 5 мамырға Лас-Вегастағы MGM Grand аренасын резервке қойды. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Головкин  мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші рет жекпе-жек өткізеді деп күтілген еді - олардың 2017 жылдың қыркүйегінде өткен бірінші айқасы тең нәтижемен аяқталған.

Альварестің допинг-сынамасынан тыйым салынған зат (кленбутерол) табылғаннан кейін, Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) тергеу бастады, оның нәтижесі 18 сәуірде белгілі болады.

Осы аптада Головкин-Альварес II жекпе-жегі болмайды немесе кейінге шегеріледі деп күтілуде. Головкин мексикалықтың орнына ирландық  слаггер Гэри О'Салливанмен (27-1, 19 КО) жұдырықтасады.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал