08.06.2018, 12:33 1859 Головкиннің промоутері IBF-ке ренішін білдірді

Қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің промоутері Том Леффлер (360/GGG Promotions) Халықаралық бокс федерациясына (IBF) деген ренішін жасырмады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі vRINGE.com сайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, болар іс болды, бояуы сіңді. IBF әлемдегі ең мықты чемпионның титулын тартып алды, - дейді Леффлер BoxingScene агенттігіне берген сұхбатында. – Естен шығармасаңыздар деймін, біз әрдайым олардың айтқанымен келдік, дегендеріне көндік. Тіпті, қаржылай бізге тиімсіз Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жекке де келісім бердік».

«Ең сорақысы Деревянченконың командасы, тіпті, Головкинді титулдан айырсын деп өтінген де жоқ қой, - деп шамданады Леффлер. – Головкинды титулдан шеттеткен тек – IBF».

«Біз олардың шешімімен келсіпейміз, алайда, қазір оған көңіл бөлуді доғардық. Ең мықты деген қарсылас іздеп жатырмыз. Деревянченко енді Головкинмен шаршы алаңға шықпайтындығын жақсы білеміз», - деп сөзін қорытындылады қазақстандық боксшының промоутері.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін IBF-тің Головкинді титулдан айырғандығы туралы жазған болатынбыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал