01.11.2018, 11:00 1064 Головкиннің промоутері «Канеломен» трилогия туралы айтты

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер K.O. Artist Sports-қа берген сұхбатында Сауль Альвареспен үшінші айқасқа қатысты пікір білдірді.

«Иә, «Канело» DAZN-мен келісімшарт жасап, керемет жұмыс атқарды. Бірақ, біз Геннадийге қандай нұсқалар бар екенін қараймыз. Сондай-ақ, ESPN және басқа да телеарналар қызығушылық танытып жатыр. Бұл туралы мен жария ете алмаймын. Әрине, бұл екі жекпе-жек «Канело» үшін де, Головкинге де ең табысты болды. Ол халықаралық деңгейде де жақсы көрсеткіштер көрсетті, көптеген демеушілік келісімдер де жасалды... Сондықтан, үшінші айқастың өтуіне ешқандай кедергі жоқ», - деп атап өтті Леффлер.

Промоутердің айтуынша, GGG «Канелоны» екі рет жеңдім деп есептейді, сондықтан үшінші айқастың өткенін қаламауына еш себеп жоқ.

«Сондай-ақ, жанкүйерлер Альварестің Головкинді жеңе алатынын дәлелдегенін қалайды. Себебі, ол екі шешіммен жеңіске қол жеткізді. Не болатынын көрейік. Әзірге «Канело» желтоқсанда айқас өткізпек. Оны күтейін деп отырған жоқпыз. Себебі, біз кестені, айқастарды қараймыз. Егер «Канеломен» үшінші айқас өтетін болса - тамаша, біз мұнымен жұмыс істейміз», - деді Леффлер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал