17.10.2018, 11:31 808 Головкиннің титулдық жекпе-жегі туралы айтылды

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» чемпион Риота Муратаға (14-1, 11 КО) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді.

«Головкин - Мурата жекпе-жегі белгілі бір дәрежеде қызықты. Токиоға бару біз үшін қызықты болуы мүмкін. Онда бұл жекпе-жек ESPN арқылы көрсетілетін шығар. Мұнда Головкин алуы мүмкін белдік қана емес, жекпе-жектің өзі де қызықты болады. Көптеген БАҚ және жанкүйерлер Геннадий өз белдіктерін қайтаруға ұмтылуы тиіс деп есептейді. Бірақ оның өзі бұл титулдардан артық. Жұрт қолдап, Головкин бәрібір чемпион болуы тиіс екенін білдірді. Геннадийде жақсы мүмкіндіктер бар», - деді Леффлер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал