25.02.2018, 10:28 881 Головкинның кезекті қарсыласының есімін анықтау қиынға соғып жатыр

WBC нұсқасының бос тұрған орта салмақ санатындағы (72,6 килограмға дейін) «уақытша» әлем чемпионы титулы үшін 3 наурызда Жермалл Чарло (26-0, 20 КО) мен Уго Сентено (26-1, 14 КО) арасында өтуі тиіс жекпе-жек 21 сәуірге көшірілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА vringe.com-ға сілтеме жасап.
Жаттығулардың бірінде Уго Сентено қабырғасын абайсызда зақымдап алған. «Соққы алдым. Әуелі ауруға шыдап, жұмысты жалғастыра бермекші едім, бірақ ет қызуы басылған соң тексерілуге тура келді. Қуаныштысы, қабырғам сынбаған екен», - дейді Сентено.
vringe.com-ның жазуына қарағанда, Чарло-Сентено жекпе-жегі Бруклиндегі (АҚШ) бокс кешінде, бұрынғы чемпиондар Эдриен Броунер мен омар Фигероа жекпе-жегімен қатар өтеді.
Айта кетейік, Чарло мен Сентено үміткер болуға таласып жатқан WBC нұсқасы бойынша орта салмақтың әлем чемпионы белдігі Геннадий Головкинге тиесілі.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал