04.07.2018, 11:14 1732 Горбич – «қапшық» - белгілі ресейлік боксшы Елеусіновтің қарсыласы жайлы

22 жастағы ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Лубкович (8-0, 6 КО) Данияр Елеусіновтің қарсыласы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Горбич – өте төзімді боксшы. Біздің жекпе-жекте бір емес, бірнеше нокдаун болса да ол бокстасуды ары қарай жалғастырды. Ол ерлік көрсетті. Ел арасында Горбичті кәсіпқой боксқа енді келгендер үшін «қапшық» дейді. Бәлкім, бұл сөздің жаны бар шығар. Алайда, бастапқы кезеңде осындай қарсыластар арқылы өзіңді көрсетуге болады», - дейді ресейлік боксшы.

Айта кетейік,  Елеусінов – Горбич жекпе-жегі 4-ші маусым күні Кардифф қаласында өтеді.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз - Бұл қайдан шыққан дөкей? Елеусіновтің қарсыласы бесаспап Горбич жайлы жаңа деректер

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал