20.08.2018, 18:45 1628 Грепплингтен «Қазақ батыры» чемпионаты аяқталды

Астанада грепплингтен «Қазақ батыры» чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Оның қорытындысы бойынша он үш салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды. Әсіресе жеңіл салмақтағы Нариман Мыңбаев, Айбар Оразалы және Данияр Кәріпжановтарға жетер ешкім болмады. Ал ауыр және аса ауыр салмақта Қажығали Төлешев, Бақдәулет Абызов пен Сәулет Абусалиховтардың жолы болды. Қыздар арасында Алматы, Астана және Ақтөбе өңірінен келген грэпплинг шеберлері жақсы өнер көрсетті. Аталған спортшылар «Қазақ батыры» деген атақтан бөлек алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Дүниежүзілік дода қыркүйек айында Астанада өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал