25.07.2018, 10:43 670 Гризманн мен Модрич жылдың ең үздік ойыншысы атануы мүмкін

Франция құрамасының және «Атлетиконың» шабуылшысы Антуан Гризманн және Хорватия құрамасының және «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына кіріп отыр, деп хабарлайды  ФИФА баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тізімге португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду («Реал», Испания), бельгиялық жартылай қорғаушылар Эден Азар («Челси», Англия), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Англия), англиялық шабуылшы Гарри Кейн («Тоттенхэм», Англия), франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), аргентиналық шабуылшы Лионель Месси («Барселона», Испания), мысырлық шабуылшы Мохаммед Салах («Ливерпуль», Англия), франциялық қорғаушы Рафаэль Варан («Реал», Испания) енген.

Айта кетейік, Гризманн, Мбаппе және Варан Франция құрамасы сапында чемпион атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал