07.06.2018, 8:00 856 IBF Головкинді әлем чемпионы белдігінен айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырды.
22 мамырда Спрингфилдте (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өткен тыңдалымға Головкин және IBF бекіткен оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) сонымен қатар екі спортшының командасы қатысты.
IBF комиссиясы екі тарапты да тыңдап шықты. Ол бүгін Геннадийді IBF белдігінен айыру жөнінде шешім қабылдады. Өйткені ол 3 тамызға шейін Деревянченкомен кездесуден бас тартты.
Еске сала кетсек, Головкин екінші мәрте мексикалық Саул Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқасуы керек болған. Алайда келіссөздер қаржы келіспеушілігіне байланысты тығырыққа тірелді. Сонымен қатар қазақстандық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) кездесу жөнінде жоспар болды. Алайда ол 23 маусымда титулын қорғау үшін Мартин Мюррейге қарсы шығудан бас тартты.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал