11.06.2018, 13:08 1574 Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралғандығын мәлімдеді

 

Бүгін атақты ауыр атлетика шебері Илья Ильиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Дәл қазіргідей бұрын-соңды қобалжымаған екем. Бұл күнді ұзақ күттім. Мерзімі жетті. Мен өзімнің сүйікті ісіме қайта оралдым және мұны сіздерге жеткізуге қатты асық болдым. Соңғы 2 жыл бойы мен жаттығуды доғармай, базғы қалпыма келуге тырыстым. Енді Қазақстан чемпионатын жеңіп, Олимпиадада бағымды сынап көргім келеді», - деді Ильин.

Еске салсақ, Илья Ильинді спорттан шектету мерзімі 2018 жылдың 10 маусымында аяқталған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал