25.08.2018, 18:16 1736 Илья Ильин ҚР чемпионатына қатысады

28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР жеке-командалық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа белгілі спортшылар – Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады, олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқалар бар. Сондай-ақ допингке байланысты жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло жарыс тақтайтұғырына шығады.

Айта кетейік, Qazsport телеарнасы жарыстан тікелей трансляция жүргізуді жүзеге асырады.


28.08.2018 ж.

1-лек –салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 55кг

- басталуы 11.00 Ерлер 55кг

АШЫЛУ ШЕРУІ-14.00-15.00

2-лек - салмақ өлшеу 13.00 Әйелдер 45,49кг

- басталуы 15.00 Әйелдер 45,49кг

 

29.08.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Әйелдер 55,59кг

- басталуы 11.00 Әйелдер 55,59кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Ерлер 61кг

- басталуы 15.00 Ерлер 61кг

 

30.08.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 67кг

- басталуы 11.00 Ерлер 67кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Әйелдер 64,71кг

- басталуы 15.00 Әйелдер 64,71кг

 

31.08.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Әйелдер 76, 81кг

- басталуы 11.00 Әйелдер 76, 81кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Ерлер 73кг

- басталуы 15.00 Ерлер 73кг

 

01.09.2018 ж. 

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 81, 89кг

- басталуы 11.00 Ерлер 81, 89кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Әйелдер 87, 87+ кг

- басталуы 15.00 Әйелдер 87, 87+ кг


 

02.09.2018 ж.

1- лек - салмақ өлшеу 9.00 Ерлер 96, 102кг

- басталуы 11.00 Ерлер 96, 102кг

2- лек - салмақ өлшеу 13.00 Ерлер 109, 109+ кг

- басталуы 15.00 Ерлер 109, 109+ кг

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал