06.12.2017, 16:32 1193 InStat бойынша Премьер-Лиганың үздіктері белгілі болды

Қазақстан Чемпионатның кезекті маусымы аяқталды. Барлық ойындар өтті, әр түрлі номинацияларда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Өткен маусымның нәтижелерін тәмамдауға уақыт келді. InStat компаниясы өзінің аналитикалық мақаласында қазақ жанкүйерлерінің өзікті сұрақтарына жауап беруге тырысады.  

 
Әдеттегідей ескертіп кетейік: InStat компаниясы теқ қана статистикамен айналысатындықтан, бұл мақалада теңеулер болмайды. Біздің рейтингке кірген ойыншылар өзін жақсы жағынан неге көрсеткенін ашып айтатын құрғақ статистикаға жүгінеміз.
 
Бүгін біздер маусымның нәтижелері туралы аналитикалық мақалалар сериясынан бастап, Қазақстан азаматтары болып табылатын үздік бес ойыншы туралы айтып өтеміз.
 
Біздің рейтингке өз командаларында чемпионатта 11 ойыннан кем өткізген футболшылар қосылмаған.
 
Кестелерде ақпарат былтырғы жылғы көрсеткіштермен салыстырмалы түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіштер арқасында оқырмандар 2017 жылы ойыншылар өздерінің ойыннын жақсарта алды ма деген сұраққа жауап таба алады.   
 
5 - орын
Исламхан Бауыржан, «Қайрат»,  жартылай қорғаушы
Instat Index – 226
 
Маусымдағы ең үздік ойыны: 21.06.2017 Қайрат - Ордабасы - 3:1 (Instat Index– 293)
Былтырғы жылғы рейтингтегі орны: 2

Исламханның көрсеткіштері былтырғы маусымға қарағанда төмендеді. Бірінші кезекте гол соғу жағынан статистикасы төмендегені көзге түседі, ал басқа көрсеткіштер аз болсада былтырғы жылғылардан өзгеше. Мысалы, Бауыржан пасты дәл беру жағынан нашарлап қана  қоймай, футболдың бұл аспектісін пайдалану жағынан сиреп қалды, сонымен қатар алдау және допты тартып алу көрсеткіштерінен де "Қайрат" жартылай қорғаушысы биыл төмен сандарға ие болды. Бірақ, өткен маусымда Исламхан ойынды көбірек шиеленістіріп, допты аз жоғалтты, дегенменде, бұл Бауыржанға рейтингтің көшбасшылар қатарына кіруге мүмкіндік бермеді. Айта кететіні, "Гол+Пас" жүйесі бойынша ол қазақстандық ойыншылар арасында бірінші орында.
4 - орын
Бейсебеков  Абзал , «Астана», орталық жартылай қорғаушы, оң жақ қорғаушы
Instat Index – 228
 
Маусымдағы ең үздік ойыны: 14.04.2017 Астана - Ақтөбе - 3:0 (Instat Index – 340)
Былтырғы жылғы рейтингтегі орны: жоқ

Тізімдегі жаңа есім. 2017 жылғы маусымда Бейсебеков алаңға жиі шықты, пас беру жағынанда қосқаны көрінеді, сонымен қатар ол допты тартып алу және кері серпілген допқа бірінші жету жағынан статистикасын жақсартты. Алайда, айып алаңына допты жеткізу және мүмкіндіктерді шиеленістіру жағынан осы жылғы көрсеткіштер былтырғы жылғы сандармен салыстырғанда төмен. Айта кететіні, Абзал өткен маусымда қорғанысқа жауапты жартылай қорғаушы рөлінде көп ойнаған, сол себепті шабуылдаушы қарқыны төмендеуі ешкімді таңғалдырмауы керек.   
3 - орын
Суюмбаев Ғафуржан, «Қайрат», сол жақ қорғаушы
Instat Index – 231
 
Маусымдағы ең үздік ойыны: 16.04.2017 Қайрат – Ордабасы - 3:0 (Instat Index – 268)
Былтырғы жылғы рейтингтегі орны: 4

Сол қатпал қорғаушысы "Қайрат" командаға әбден үйреністі. Барлық ойын көрсеткіштері жоғары жылжыды. Суюмбаев шабуылдау да, қорғану да жағынан қосты. Жалғыз минус "Гол+Пас" жүйесіндегі нәтижелердің төмендеуі.
2 - орын
Логвиненко Юрий, «Астана», ортылық қорғаушы
Instat Index – 247
 
Маусымдағы ең үздік ойыны: 24.10.2017 Астана - Оқжетпес 4:0 (Instat Index – 299)
Былтырғы жылғы рейтингтегі орны: 4
Бірнеше жыл қатарынан "Астананың" орталық қорғаушысы команданың чемпиондық атақтарына бағалауға қиын үлестер қосуда. 2017 жылы ауыр жарақаттардан аулақ болып, Логвиненко өзінің көрсеткіштерін тек қорғану жағынан жақсартып қана қоймай, шабуылдау жағынанда көзге түсе білді.
1- орын
Шомко Дмитрий, «Астана», сол жақ қорғаушы
Instat Index – 256
 
Маусымдағы ең үздік ойыны: 24.10.2017 Астана - Оқжетпес - 4:0 (Instat Index – 355)
Былтырғы жылғы рейтингтегі орны: 1

Дмитрий Шомко InstatScout пікірінше Қазақстан футболының үздік ойыншысы болып екінші жыл қатарынан танылуда. Өткен маусымда "Астананың" сол жақ қорғаушысы ойынның барлық компоненттері жағынан қосты. 2016 жылғы маусымда Шомко 8 ассист жасаса, ал жықанда біткен маусымда қорғаушы гол соғуға 10 (!) рет мүмкіндік жасаған.
pflk.kz

 
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал