02.11.2018, 9:05 4886 Иранда есу слаломынан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды

31 қазан мен 3 қараша аралығында Иранның Карадж қаласында есу слаломынан 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрлық додасында Қазақстан намысын бес спортшы қорғауда. Атап айтар болсақ, А. Куликова, А. Аманбаев, А. Салихова, Р. Таштамышев, С. Тихомиров. 

Тағы бір айта кетерлігі, қазанның 25-30 аралығында аталған спортшылар Карадж қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын. 

Ирандағы жарыс өз кестесінен бір күнге кешігіп басталды. Бұл ұйымдастырушылардың қателігінен болуы мүмкін.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал