26.03.2018, 16:54 1055 "Иса Досан" жүлдесіне арналған халықаралық жарыс өтті

Ақтау қаласында орналасқан «Маңғыстау арена» спорт кешенінде халық батырлары «Иса Досан» жүлдесіне арналған 2001-2003, 2004-2006 ж.т. жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдодан ІІІ Халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық турнирге Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Қандағаш қаласы, Ресей мемлекеті, Қырғызстан елінен барлығы 794 жас татами шеберлері қатысты.

Жарыс барысында халықаралық турнирдің демушісі Нұрпейіс Сәрсенбай Мизамбайұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі тарапынан "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшіні төсбелгісімен марапатталды.

Үш күнге созылған тартысты бәсекеде Маңғыстау облысының дзюдошылары 12 алтын медальмен жалпы командалық есепте І орынмен жарысты аяқтаса, Қызылорда облысының командасы 5 алтынмен ІІ орынға, ал қоржынында 4 алтын медаль бар Атырау облысының саңлақтары ІІІ орынға табан тіреді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал