24.09.2018, 15:40 633 Ислам Бозбаев әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіліп қалды

Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында бүгін ерлерден 90, әйелдерден 70 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша чемпиондар анықталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін татамиге шыққан Ислам Бозбаев алғашқы айналымда жеңіліске ұшырады.

Ол әлем чемпионы, венгриялық Кристиан Тотқа есе жіберді. 

70 келіде белдескен Аелита Щербакова мен Ажар Салықовалар бірінші кездесуде испан қыздарынан ұтылған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал