09.07.2018, 12:19 719 Испания құрамасын «Барселонаның» бұрынғы бапкері жаттықтырады

Футболдан Испания құрама командасына Луис Энрике бас бапкер болып тағайындалды. Бұл жайлы Marca-ға сілтеме жасап «SPORTINFORM» хабарлайды.

Бұған дейін Луис Энрике бас бапкер ретінде «Барселона», «Рома», «Сельта» командаларын басқарған. Испания Футбол федерациясы 48 жастағы бапкермен 2020 жылғы Еуропа чемпионатының аяғына дейін екі жылдық келісімшартқа қол қояды.

Еске сала кетейік, Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда сол кездегі бапкер Хулен Лопетеги қызметінен босатылған еді. Оның орнына шұғыл түрде Фернандо Йерро тағайындалған. Осы мундиальда Испания чемпионат қожайындарынан жеңіліп, турнирді 1/8 финал кезеңінде аяқтаған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал