13.03.2018, 11:37 800 Испанияда өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады?

Испанияның Валенсия қаласында өтетін марафоннан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Осыдан 3 күн бұрын отандастарымыз Валенсия қаласына оқу-жиынға аттанып кеткен еді. Бұл жиын 24 наурызға дейін жалғасады. Сосын дәл осы күні Валенсияда жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстаннан бұл жиынға 5 ер, 2 әйел марафоншы қатысады. Атап айтсақ, Алексей Гусаров, Артем Косинов, Жанна Мамажанова, Дана Айдосова  (бәрі де – Алматы), Андрей Лейменов, Әмір Байтуканов (екеуі де – ШҚО) және Михаил Красилов (Жамбыл облысы) бар.

Спортшыларды алматылық бапкер Михаил Сорокивский бастап кетті. Олардың қатарына ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров пен шыдамылық бойынша аға бапкер Артем Жигалов қосылады деп күтілуде.

Айта кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында бұларға танымал марафоншылар Гүлжанат Жанатбек пен Елена Наназиашвили қосылады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал