05.11.2018, 22:29 4748 ITF Futures турнирінің жұптық сайысында Аяп Сағадат жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Аяп Сағадат Шарм-ел-Шейхте өткен ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың доллар.

Турнирдің финалында Аяп португалиялық Франциско Диаспен бірге ресейлік спортшылар Александр Гошин мен Шалва Джанашияны 7:6(4), 4:6, 10:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Аяп пен Диас ресей-украина дуэті Антон Чехов пен Владислав Орловқа қарсы шықты, есеп 7:6(8),6:4.

Ширек финалда Аяп пен Диас аустралиялық Лауренс Баталжин мен бахрейндік Әли Дашаниді жеңген еді.

Олар жарыстың алғашқы айналымында украиналық Анатолий Петренко мен ресейлік Ян Сабанинді ұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал