24.03.2018, 11:34 790 Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко кәсіпқой рингтегі кезекті айқасын өткізді.

Иван Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында өткен бокс кешінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл  біздің отандасымыздың кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісі (барлығы - уақытынан бұрын) болады.

Кирнон мансабындағы екі жеңісінен кейін (біреуі - нокаутпен) бірінші рет жеңіліп қалды. 

Бұдан бұрын Иван Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Деррик Сантос-Росариомен келісімді тоқтатып, Рик Мандриспен жұмыс істеуді бастады. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал