16.06.2018, 16:33 864 Иван Дычко мен Майкл Марроне салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко АҚШ-тағы кездесу алдында ресми салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Дычконың салмағы 108,5 килограмм болды. Оның қарсыласы, америкалық Майкл Марроне біздің боксшыдан 113,04 килограммға ауыр болып шықты. 17 маусым күні таңертең (Астана уақытымен) Сент-Питерсбер қаласында (Флорида штаты, АҚШ) боксшылар ауыр салмақ санатында 8 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұған дейін кәсіпқой бокстағы бес кездесуінің бесеуін де нокаутпен аяқтаған болса, Марроне 21 қарсыласын жеңіп (16 нокаут), сегіз рет жеңіліске ұшыраған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал