12.07.2018, 14:58 589 Кабананга «Астана» сапына қайта оралды

Конго елінің шабулшысы Жуниор Кабананга «Астана» сапына қайта оралды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бұл туралы оның қазіргі командасы «Әл Наср» өзінің Твиттер желісінде хабарлады. Сауд Арабиясының клубы Кабанангаға сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, футболшы Елорда клубында 2015-2017 жылдар аралығында өнер көрсетіп, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған еді.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал